Коронавирус

Бетперде індеттен қорғайды

Жыл басында коронавирус жұқтырғандар саны 10 000 адамнан аспаған еді. Көктем туа көп кешікпей, яғни, наурызда бүкіл әлемге тез таралған COVID-19 адамзатты уысында ұстап, бетперде тағуға, әлеуметтік қашықтықты сақтауға, бұған дейін елең қыла қоймаған қол жууға дағдыландырды. Осымен індеттің бетін қайтарғандай болған едік. Олай емес екен, күзде жұқтыру жағдайы қайтадан белең алған елдер коронавирустың екінші толқынын жариялады. Ауырғандар саны 30 миллионнан асып, қайтыс болғандар 1 миллионға жетті.

Көш басында тұрған АҚШ. Коронавирус кестесіндегі орнын тұрақты түрде сақтаған бұл елде індет жарияланғаннан 20 миллионға тақау адамға COVID-19 диагнозы қойылған.

Ал, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өткен аптада ең жоғары көрсеткішті жариялады. Ресми деректер бойынша жұқтырғандар саны 3 миллионға тақаған. Одан бөлек, қайтыс болғандар саны да артып, 35 мыңнан асты.

Еуропада алдыңғы аптамен салыстырғанда ауру 25 пайызға өскен. 5,6 мыңнан астам қайтыс болғандардың дені – Үндістанда.

Кестеде 42 орынға тоқтаған Қазақстанда соңғы деректер бойынша жұқтырғандар – 109776. Ал Қарағанды – 11 орында. Көрші облыстарда жұқтыру жағдайының артуы 19 қазанда өңірде санитарлық бекеттер орнату туралы шешім қабылданды. Облыс бойынша сегіз бекет, атап айтқанда Жезқазған қаласы мен Ұлытау, Нұра, Бұқар жырау, Қарқаралы аудандарында және Приозерск қаласында – біреу, Осакаров ауданында – екеу. Жүргізушілер мен жолаушылардың денсаулық жағдайын полиция қызметкерлері мен дәрігерлер тексереді. Қызу өлшеумен қатар, сауалнама жүргізіледі. Бұл тұрғындар үшін тосын жаңалық емес, індеттің бірінші толқынында да дәл осындай жүйе орнатылып, індеттің кеңінен таралуының жолы кесілген болатын.

Соған қарамастан, Бұқар жырау ауданының Центральное ауылында карантин енгізілді. Омбыдан келген қонақтан ғана емес, онымен байланыста болғандардан да коронавирус инфекциясы анықталған. Осыған байланысты, аталмыш ауданның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен Центральное ауылына карантин енгізіліп, блок бекеттер орнатылды және карантиндік аймаққа кіруге және одан шығуға тыйым салынды. Карантин режиміне байланысты ауыл тұрғындары үйден жұмысқа, жақын дүкендерге немесе дәріханаларға баруға ғана шыға алады.

Дегенмен, елімізде 26 қазаннан аймақтардағы эпидемиологиялық жағдайға қарай жұмысын тұрақты түрде бастайды. Ол үшін қашықтықты және маска тағу режимін сақтай отырып, көрермендер 30%-дан аспауы керек.

Жұмысын жандандыруға тыйым салынған нысандар қатарында мектепке дейінгі балалар мекемелері, бильярд және компьютерлік клубтары, ойынсауық орындары, банкет залдары, түнгі клубтар бар. Одан бөлек, облысаралық жолаушылар тасымалдарына және ортақ вагондарды қалыптастыруға тыйым салу жалғасады.

Өткен тәулікте облыстың 4 тұрғыны коронавирус инфекциясынан жазылып шыққанын айту керек. Ал, КВИ таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ақпаратына сәйкес, жалпы өткен тәулікте елімізде 156 адам сауығып шыққан.

Елімізде бетперде тақпағанға салынатын айыппұл көлемі – 83 340 теңге. Бұл өзге елдермен салыстырғанда түкке тұрғысыз. Әзірге талап болмашы. Індет дендеп берсе, бетперде жанымызды алып қалмайтыны белгілі, бірақ жұқтыру жағдайын азайтатыны сөзсіз. Арқаны кеңге салмай, наурыздағыдай қолды жиі жуып, қашықтықты сақтау керек-ақ!

Салтанат ІЛИЯШ.

Басқа материалдар

Back to top button