Қарағанды жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлеріне «алғыс пакеттері» табыс етілді
Ет, қымыз және көкөністер: Нұр Отандықтар Қарағанды облысының ауруханаларына азық-түліктер жеткізді. Ал партияның жастар қанаты – Жас Отандықтар күндіз-түні қорғаныс кимдерін киіп жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне «Алғыс пакеттерін» табыс етті. Nur Otan партиясы BizBirgemiz акциясын жалғастыруда.
Nur Otan партиясының Сәтбаев қалалық филиалы мен «СПТВС» ЖШС және партия ардагері Қорғанбай Құлшариевпен бірлесіп, туберкулезге қарсы диспансерге, Орталық қалалық ауруханаға және Сәтбаевтың медициналық-санитарлық бөліміне 200 литр қымыз, 50 килограмм ет жеткізді.
Партияның Нұра аудандық филиалы «Жер» фермерлік қожалығымен бірге 100 литр қымыз жинап, Нұра ауданының орталық ауруханасына жеткізді.
Ұлытау ауданының тұрғыны, шаруа қожалығының иесі Дәурен Байболов өз ауданының орталық ауруханасына 200 килограмнан астам ет, 30 литр қымыз, 100 килограмнан астам көкөніс және басқа да азық-түлік әкелді.
Бұқар жырау ауданының Құрметті азаматы, айтыскер ақын Айтбай Жұмағұлов Ботақара кентінің ауруханасына жақын арада жеткізілетін ӨЖЖ аппаратын сатып алды.
Дәрігерлер де назардан тыс қалған жоқ. Оларға қарағандылықтар «Алғыс пакеттерін» табыс етті. «Дәрігерлерге тағзым» акциясы аясында Қарағанды қаласының №1 көпсалалы ауруханасы базасында жұқпалы аурулар госпиталінің дәрігерлері азық-түлік жиынтықтарын алды. Онда күн сайын екі ауысымда 120-дан астам медицина қызметкері еңбек етеді.
«Алғыс пакеті» госпиталь қызметкерлерінің тілектерін ескере отырып жасалған. Аптап ыстық күндері олар арнайы костюмдер, маскалар және қолғаптармен жүруге мәжбүр. Әрбір жиынтыққа ылғалды майлықтар, қол кремі, бал, лимон, минералды су, табиғи сусындар және т.б. кірді.
Nur Otan партиясының BizBirgemiz республикалық акциясы аймақта карантин толық аяқталғанға дейін жалғасады. Күн сайын оған көптеген адамдар атсалысып, меценаттар, кәсіпкерлер мен еріктілер белсенді көмек көрсетеді.