«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбындағы онлайн-семинар өткізілді
Қазіргі уақытта діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Бұл тақырып өзектілігін жоғалтпайды, өйткені қазіргі әлемде адамзат үшін күрделі проблемаға айналған терроризм мен экстремизм сияқты құбылыстардың көбеюі байқалады. Осы факторды ескере отырып, Жезқазған қаласында онлайн семинар өткізілді.
Семинарға Ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері, Дін орталығының қызметкерлері, мемлекеттік басқарма басшылары, Ішкі істер басқармасының қызметкерлері, дінтанушылар, психологтар, қаланың дінтанушылары және теологтар қатысты. Семинар барысында діни экстремизм кез-келген діннің кері жағы, оның қарама-қарсы, қауіпті жағы, дінге деген қызығушылық негізінде жүретіндігі айтылды. Профилактикалық жұмыстар кезінде жаңа тәсілдер ұсынылды. Семинарда Алматы қаласы бойынша ҰҚКД ҰҚК мамандары семинарға қатысушыларға кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Семинар 4 негізгі тақырып бойынша өтті:
-
Террористік қауіп төнген жағдайда дағдарысты басқару.
-
Террористік қатынастарға осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауға қойылатын талаптар.
-
Ислам фундаментализмі экстремистік орта мен терроризмнің қалыптасу факторы ретінде.
-
Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық сипаттамалары.
Дәріскерлер:
Шакимова Лола Сергеевна – Республикалық ақпаратты – түсіндіру тобының сарапшы психологі.
Абдукеева Акмарал Сихымбайқызы – Алматы қаласының ақпаратты – түсіндіру тобының сарапшы психологі.
Асаубаев Руслан Айтқалиұлы – Алматы қаласы ҰҚКБ атитеррористік орталығының маманы.
Шоманов Муслим лектор – Алматы қаласы ҰҚКБ атитеррористік орталығының маманы.
Жезқазған қаласы семинарға белсенді қатысты, семинарда 100 – ден аса мамандар қамтылды.
ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы.