Жаңалықтар

Ұлытау ауданының тұрғыны жантүршігерлік қылмыс жасады деп күдіктелуде

Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Алғабас ауылының тұрғыны туған әпкесін асқан қатігездікпен өлтірді деп күдіктелуде. Қазір іс материалдары қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды. Тергеу дерегінше, қанды оқиға 16 ақпан күні орын алған.

 

Сот барысында 35 жастағы азаматтың мас күйінде өз әпкесін өлтіргені айтылды. Қылмыс болған күні ол жұмыстан үйге ішімдік әкеліп, кешкі астың үстінде тауысып қояды. Бауырының бұл қылығын жақтырмаған әпкесі оған өз ақылын айтып, тура жолға салғысы келген. Алайда ақыл-ойын араққа берген жігіт әпкесіне пышақ ала ұмтылып, оны бірнеше жерінен аяусыз пышақтап, өлтіріп тынады. Артынша қылмыс орнынан қашып кеткен. Тәртіп сақшылары оны ізін суытпай ұстап, қолына кісен салды. Қылмыскердің ендігі тағдырын сот шешпек. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button