Құрметті Қарағанды қаласының тұрғындары мен қонақтары!!!

Сіздерді 2020 жылдың қазан айының 24-25 күндері сағат 9:00-де өтетін ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІНЕ шақырамыз.

Жәрмеңкенің өтетін орны:

«Global City» КТО

(134-есептік орам, 921 құрылысы)

Жәрмеңкеде сатылатын өнімдер (ауыл шаруашылық өнімдері, ет-сүт, жеміс-жидек, көкөніс және жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері) орташа нарықтық бағадан төмен бағамен сатылатын болады.

Сізге ыңғайлы болу үшін сізді «Global City» КТО-ға «Жәрмеңке Глобал Сити» деген жазуы бар 4 тегін автобус жеткізеді.

Жүретін қоғамдық көліктер: 40, 34, 56, 5, 146, 02, 29.

ТЕГІН автобустар сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жүреді.

— Бірінші автобустың бағыты -ҮҚК-мен және Бұқар жыраудың барлық орталық аялдамаларымен.

— Екінші автобустың бағыты — Политехтен және Гоголь көшесіндегі барлық аялдамалар.

— Үшінші автобус бағыты-23 ш / а. — Попов к-сі, Гелиос, 20-шы шахта, Фурманов, Бұқар жырау даңғылы, Приканальная к-сі, шағын ауданы. Степной 2 – Magnum, «Global City» КТО.

Пришахтинскіден маршрут 9.30-дан және әр 2 сағат сайын, Global City-ден 10:30-дан және әр 2 сағат сайын жүреді.

— Төртінші автобустың бағыты — РГТО, Кольцевая, Литейная, Энергозавод, Федоровка, әскери кафедра, Одежда дүкені, Четская к-сі-Волочаевская к-сі, KAZMART— Гудермесская к-сі, ескі әуежай, «Global City» КТО.

Қарағанды қаласы әкімінің аппараты.