Жаңалықтар

Қазақстанда Халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов кубогы басталды

29-30 тамыз аралығында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, Дәрмен Сәдуақасовтың шахмат академиясы және «Болашақ» ассоциациясы Халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов кубогы – жедел шахмат бойынша балалар онлайн-турнирін ұйымдастырады.  Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған жарысқа шамамен 600 жас қазақстандық дарындардың қатысуы күтілуде.

Жарыс 2002-2005, 2006-2009 ж. т., сондай-ақ 2010 ж. т. және одан кіші жастағы ұлдар мен қыздар арасында, үш жас топтарында өткізіледі. Жүлде қоры 2,6 млн теңгені құрайды. Бұл ретте ұлдар мен қыздар арасында жеке сыйлықтар айқындалды.

Турнир lichess.org. ойын платформасында швейцариялық жүйе бойынша 9 турда өтеді. Уақытты бақылау – әр қатысушыға партияның соңына дейін 15 минут + 10 секунд.

Жарысқа қатысу өтінімдері dscup2020@gmail.com электрондық поштасында қабылданады, тіркеу мерзімі – 2020 жылғы 24 тамыз күні Нұр-сұлтан уақытымен 18:00-ге дейін. Өтінімге жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін салып және ұялы телефон нөмірін  көрсету керек. Бүгінде 200 астам ойыншылар тіркелген.

Турнирдің бас төрешісі – халықаралық арбитр, ФИДЕ мастері Ержан Шәкенов. Античитерлік комиссияны халықаралық гроссмейстер Ануар Исмағамбетов басқарады. Комиссия міндеті – адал ойынды қамтамасыз ету және бөгде сыбыр сөздермен және компьютерлік бағдарламаларды қолданумен байланысты түрлі бұзушылықтарға жол бермеу.

inform.kz.

Басқа материалдар

Back to top button