Қарағанды облысында жүк салмағын арттырған жүргізушілерге 6 млн теңге айыппұл салынды
Қарағанды облысында жүк тиелген көліктер тексеріле бастады. Әдетте, үлкен жүк көліктері жолдарды бұзады және олардың пайдалану мерзімін қысқартады. Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері жол-патрульдік қызметімен бірлесіп шілде айының 10 күні аралығында 47 бұзушылық фактісін анықтады. Жүргізушілерге 6 млн теңге айыппұл салынды.
Ең көп бұзушылықтар Нұра – Осакаровка жол учаскесінде тіркелген. Онда 22 дерек тіркелді. Қарағанды – Тоғызқұдық – Ботақара тас жолында рейд кезінде тағы 13-і тіркелді. Қызылорда – Павлодар жолының кесіндісінде Красная поляна (Шет ауданы) ауылдық округіне жақын жерде тиісті құжатсыз тауар тасымалдаушы және жүк салмағын асырудың сегіз фактісі анықталды.
Қарағандыда екі үлкен жүк көлігі тексеріліп, төрт бұзушылық анықталды. Автокөліктердің салмағы рұқсат етілген нормадан асып түскен, тасымалданатын жүкке қажетті құжаттар болмаған, жүргізушілердің бірі тиісті бағыттан ауытқығаны белгілі болды.
Осы жылдың 6 айында 4 606 ірі көлемді автокөлік тексеріліп, 967 заң бұзушылық анықталды.
Соңғы 2 жылда Қарағанды облысының аумағында облыстық маңызы бар 800 шақырымнан астам автомобиль жолдары жөнделді. Биыл жөндеу жұмыстарымен 561 шақырым жол қамтылған.