#Biz birgemiz!АймақҚарқаралы

Қайырымдылық – қайырлы іс

«Ел басына күн туса, ер етікпен су кешер» деген халық сөзінің салмағы ауыр. Жер жаһанды шарпыған індет елімізге де оңай тиіп тұрған жоқ. Дерттің салдарынан ауырғандар саны артып, қаза болғандардың да қатары көбейе түсуде.

Аты жаман талай індеттің тақсіретін көріп, қасіретін шеккен еліміз үшін мына кеселдің күші жойқын болды. Осындай қиын сәтте ел азаматтары еңсе көтеріп, бірлесіп халыққа көмек көрсетуде. Басты мақсат адамдардың денсаулығы мен амандығы. Осындай игі іс Жаңатоған ауылының азаматтарының қолдауымен, ауыл имамы Қанат Мұхамедтің бастамасымен іске асты. Төрт бас ірі-қара, бір қой, бір ешкі сойылып, ауыл тұрғындарына, аудандық ауруханаға және қаладағы аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға таратылды.

Адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі қайырымдылық шарасына демеушілік танытқан Жаңатоған ауылының азаматтары – Мұратбек Қыдыралин, Думан Төребеков, Тәуіржан Қасымовтардың сауапты ісі берекелі болсын дейміз.

Сағыныш ӘБІЛ.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button