Спорт

«Бақ шаба ма, бап шаба ма?»

Кәсіпқой бокстың жарық жұлдыздары Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен Сауль Альварес (53-1-2, 36 КО) арасындағы теке-тірес әлі де басыла қойған жоқ. Бұған дейін екі кездесу өткізген олар үшінші мәрте жұдырықтасуға әзір екендіктерін айтуда.

«Былғары қолғап шеберлерінің үшінші жекпе-жегі 2021 жылдың бірінші тоқсанында өтуі мүмкін» – деп тұжырымдама жасады шетелдік Showtime телеарнасының талдаушысы Эл Бернштейн. Бұл кездесуге дейін Канело қыркүйек айында кезекті қарсыласымен кездесуді жоспарлаған еді. Бірақ, қарсыласы әзірге белгісіз. Ал, Головкин қыркүйек айынан қараша айына дейін жекпе-жек өткізуі керек дейді мамандар. Ол өз рейтингіне қайта оралу үшін IBF желісі бойынша міндетті түрде поляк боксшысы Камил Шереметпен (21-0, 5 КО) жұдырықтасуы керек.

Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылы Головкин мен Канело арасындағы алғашқы жекпе-жек тең аяқталып еді. Ал, 2018 жылы екінші жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Альварес жеңіске жеткентін.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Back to top button