Жаңалықтар

Тексеріс жұмыстары жүргізілуде

Қарағанды облысының су айдындарында адам өлімін болдырмау бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілуде.

Қарағанды облысының су айдындарында биылдыққа 12 адам суға кетті, оның ішінде төртеуі – бала.

«Қазгидромет» дауылды ескертулеріне және коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген шектеулерге қарамастан, облыс халқы демалуға, соның ішінде су айдындарына белсенді түрде баруды жалғастыруда.

15 шілде күні 5 адам суға кетті, оның ішінде 2 бала бар. Бір жерде бірден 3 адам суға кеткен (бір бала және баланы құтқару кезінде екі ересек).

Осыған байланысты адамдардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, төтенше жағдайлар департаменті полициямен бірлесе отырып, жергілікті атқарушы органдармен ұйымдастыру кешені және практикалық іс-шаралар өткізді. Демалушы тұрғындар арасында 25 мыңға жуық үгіт-насихат өнімдері таратылды, теледидар мен радиохабарлар арқылы сөз сөйлеулер жүргізді. Баспасөздерде және интернет ресурстарда судағы қауіпсіздік ережелері жарияланады.

Су айдындары мен табиғи жағажайларда жаппай демалыс орындарында 709 профилактикалық рейдтер мен 2343 тексеріс жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша 151 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Ағымдағы жылдың 1819 шілде аралығында демалыс күндері су айдындарында адамдардың қаза болуын болдырмау мақсатында, сондай-ақ ыстық ауа-райына байланысты төтенше жағдайлар департаменті мен облыстың полиция департаменті 33 тексеріс жұмыстары профилактикалық рейд және шомылу үшін рұқсат етілмеген және қауіпті жерлерде 97 рет жүргізілді, нәтижесінде 10 әкімшілік құқық бұзушылық және 32 кәмелетке толмағандар анықталды.

Алдын алу іс-шараларын өткізуге 75 қызметкер және 39 бірлік техника жұмылдырылды. Алдын алу іс-шаралары суға шомылу маусымы бойы жүргізіледі.

Қарағанды облысының ТЖ департаменті халықты су айдындарында сақ болуға, балаларды қараусыз қалдырмауға, сондайақ өз өмірін сақтау мақсатында қауіпсіздік мәдениетін сақтауға шақырады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button