КоронавирусОблыс әкіміРесми

Жеңіс Қасымбек: «Талдау эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталғанын көрсетеді»

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Facebook парақшасында облыстағы эпидемиологиялық жағдай туралы жазды.

«Соңғы күндердегі талдау эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталғанын көрсетеді. Науқастардың 60%-дан астамы сауығып шықты. Бұл ретте науқастану көрсеткіші 2%-ды құрайды. Жедел жәрдем шақырулары 3 есеге азайды.

3 апта бұрын төсек орын мәселесі орын алған еді. Бүгінде олардың 50 %-ы бос және резервте тұр. Салыстыратын болсақ екі апта бұрын бұл көрсеткіш 10-15% құраған болатын. Бұл қазірдің өзінде пациенттерді кезең-кезеңмен жоспарлы емдеуге жатқызуға мүмкіндік береді.
Қазір біз күзгі-қысқы кезеңге жаппай әзірленіп жатырмыз. 4486 төсек орны бар. Жезқазған, Балқаш, Теміртау және Шахтинскте жұқпалы аурулар ауруханаларын қайта жаңарту және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Қарағандыда қуаты 350 төсектік жұқпалы-провизорлық госпиталь ашылды. Онда компьютерлік томограф пен орталықтандырылған медициналық газ беру жүйесі орнатылды.
Пандемияның алғашқы айларында қолда бар 120 өкпені жасанды желдету аппаратына қосымша тағы 47 өкпені жасанды желдету аппараты, 160 оттегі концентраторы, 416 пульсоксиметр сатып алынды. Қазір 90 өкпені жасанды желдету аппараты сатып алынуда. Оның 10-ы осы аптада жеткізілетін болады. Науқастарды оттегімен қамтамасыз ету үшін 1500 концентратор сатып алынды. Сондай-ақ 5 объектіге медициналық газ берудің орталықтандырылған жүйесі орнатылды.
Өткен күндері демеушілер өз қаражаттары есебінен Түркияда 100 оттегі концентраторларын және қажетті дәрі-дәрмектерді, соның ішінде антикоагулянттарды сатып алып келді.
Аймақта 17 компьютерлік томография кабинеті жұмыс істейді. Қазан айында Шахтинск, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Сәтпаев қалаларында тағы 5 томограф орнатылады. Сонымен қатар, біз 25 заманауи сандық рентген аппаратын сатып алудамыз.
Қарағанды мен Жезқазған, Теміртау қалаларында жалпы қуаты тәулігіне 4,5 мың талдаманы құрайтын 4 ПЦР-зертхана ашылды. Тамыз айының аяғында Балқаш қаласында бесінші зертхана ашылады.
Жалпы бірлескен жұмыстардың нәтижесінде Қарағанды мен Теміртаудағы жағдай айтарлықтай тұрақтандырылды. Бұл ретте Жезқазған аймағы бойынша әлі де жұмыс жасау қажет.
Өткен аптада мен Жезқазған дәрігерлерімен кездестім. Кездесу қорытындысы бойынша бүгін мен өңірдегі жұмысты күшейту және штатты 5 адамға дейін арттыра отырып, өңірде облыстық денсаулық сақтау басқармасының аймақтық өкілдігін құру туралы шешім қабылдадым. Өкілдіктің басшысына Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары деңгейінде өкілеттік беріледі. Өкілдік Жезқазған, Сәтпаев, Қаражал қалалары мен Ұлытау, Жаңарқа аудандарының барлық медициналық мекемелерін қамтитын болады.
Қазір өңірде материалдық-техникалық база қарқынды нығайтылып келеді. «Қазақмыс» корпорациясы Жезқазған, Сәтпаев және Балқаштың емдеу мекемелеріне 200 оттегі концентраторын сыйлады. Айдың соңына дейін тағы 10 ИВЛ аппараты мен мониторлар, 1 мың оттегі концентраторлары жеткізіледі деп күтілуде. Күзге қарай осы қалалардың стационарларында медициналық газдарды (оттегі) бөлудің 3 жүйесі орнатылатын болады. Сондай-ақ, компания Жезқазған университетінің жатақханасы негізінде жұқпалы госпитальды техникалық жарақтандыруға қаражат бөлді.
Өңірдегі үлкен мәселелердің бірі медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі. Кадрлар тапшылығын қысқарту үшін жас дәрігерлерге 50 пәтер бөлуді жоспарлап отырмыз.
Сондай-ақ дәрілермен қамтамасыз ету бойынша ескертулер айтылды. Соңғы екі апта бойына аймақтар бойынша дәрілер тұрақты жеткізілуде. Алайда, жеткізілімдердің тұрақтылығы бойынша мәселелер бар. Осы аптаның ішінде жеткізу көлемін 3 есеге арттыруға тырысамыз.
18 шілде күні қажетті дәрі-дәрмектердің 17 тоннасы тиелген борт келіп жетті. Сәрсенбі күні 700 мың парацетамол орамасы бар фура келетін болады. Қазіргі уақытта күзгі-қысқы кезеңге арналған дәрілердің стратегиялық қоры қалыптастырылуда.
Бұл ретте қолға алынған осындай маңызды жұмыстардың орындалысына бей-жай қарап, жауапсыздық танытатын азаматтардың бары өкінішті. Өткен демалыс күндері мобильді топтар БАҚ өкілдерімен бірге жүздеген жастар жиналған түнгі ойын-сауық орындарын анықтады. Менің ойымша, мұндай іс-әрекетке бару қылмыспен пара-пар.
Мен барлықтарыңыздың мұндай күрделі жағдайдан шаршағандарыңызды түсінемін. Сіздердің белсенді қызмет пен демалыстарыңызды шектеуге тура келіп отырғаны үшін кешірім өтінемін. Дәрігерлердің барлық талаптарын орындау, пандемияны түпкілікті жеңуімізге жағдай жасайды. Түсініктік танытып отырғандарыңыз үшін рақмет.» – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Басқа материалдар

Back to top button