Коронавирус

Заңсыздыққа – айыппұл

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде облыс прокуратурасы, полиция, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу және тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау органдарымен бірлесіп, дәрі-дәрмектердің бағасын көтеру фактілерін анықтау үшін рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Бүгінгі таңда мобильдік топтар шілде айының 5-нен бастап 5 фактіні анықтаған. Оның ішінде 9 тәртіп бұзушы жауапкершілікке тартылып, 1млн. 200 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, 36 факті бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдауда.

Абай ауданындағы дәріхана иесіне (Топар кенті) ӘҚБтК-нің 426-бабының 1-тармағында көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін 180 540 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Мекеме ұжымы белгіленген шекті бағасы 1634,96 теңге тұратын «Лазолван Юниор» 15мг/5мл қаптамасындағы дәріні 2900 теңгеге саудалаған. Және қаптамадағы «Кардиомагнил» 150 мл болатын дәрісін 2000 теңгеге сатқан. Ал, бұл дәрінің шекті бағасы 1797,01 теңгені құрайтын көрінеді.

Жезқазған қаласындағы «Laif» дәріханасы да қылмыстық жолмен дәрілерді саудалаған. Олар дәрігердің рецептісіз 10 таблеткадан тұратын «Пригобалин 75 мл» препаратын өткізіп жіберіпті. Қылмысы әшкереленген мекемеге әкімшілік 97 230 теңге көлемінде айыппұл салды.

Мобильдік топтар дәрі-дәрмектің бағасын көтеру фактілерінің алдын алу жұмыстарын жалғастыруда. Жоғарыда айтылған құқық бұзушылық жағдайларын кездестірген қала тұрғындары облыс прокуратурасына хабарласа алады. Байланыс нөмірлері 8(7212)35-35-33 және 8(702)111-40-06.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Back to top button