Қарағанды облысында 25 мыңға жуық ПТР-зерттеулер медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылды
Медициналық сақтандыру қоры Қарағанды облысында 25 мыңға жуық ПТР-зерттеулерді қаржыландырды. Наурыздан маусым айына дейін тестілеуге жіберілген сома 278,4 млн теңгені құрады.
Облыс стационарларында 7 207 тест, АМСК дәрігерлерінің жолдамасы бойынша 17 740 тест өткізілді.
Өңірде әрекет ететін 230 мобильді бригада ПТР әдісімен тестілеуді өткізу үшін СOVID-19 күдігі бар пациенттердің биологиялық материалдарының үлгілерін алуды жүзеге асырады.
ТМККК және МӘМС қаражаты есебінен ПТР-тестілеуден тегін өтуге жұқпалы стационарларда жатқан пациенттерге мүмкіндік берілген. Олар диагнозды растау және бекітілген емдеу алгоритмін қолдану үшін тексеріледі. Келесі санат – провизорлық стационарлардың COVID-19-ға күдікті емделушілері. Оларда белгілі бір белгілері болып, және дәл диагноз қою үшін керек.
Содан кейін СOVID-19 барын жоққа шығармайтын ЖРВИ және пневмония симптомдары бар азаматтар, айғақтары болған кезде учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша тесттен өте алады. Оларды тестілеу үшін Қор емханалармен, дәрігерлік амбулаториялармен келісім-шарттар жасасты, ал олар өз кезегінде зертханалармен келісім-шарттар жасасты.
Қызметтерді төлеу медициналық ақпараттық жүйелердің көмегімен Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тарифтер бойынша жүргізіледі.
Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы баспасөз қызметі.