Бас тақырып

21 желтоқсанда Кеншілер мәдениет үйінен «ЦУМ»-ға дейінгі жол учаскесі жабылады

21 желтоқсан сағат 17.00-де  Қарағандының Тәуелсіздік алаңында қаланың бас шыршасының шамдары жағылады. Осыған байланысты қала әкімдігі сол күні сағат 16:00-ден 19:00-ге дейін Бұқар жырау даңғылы, яғни, Кеншілер мәдениет үйінен «ЦУМ»-ға дейінгі жол учаскесі жабылатынын мәлімдеді.

Сурет қала әкімдігінен

Қоғамдық көліктер белгіленген кестеге сәйкес жүреді. Қала әкімдігі қала тұрғындарынан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button