Тамыздың 21 күні Қарағанды Орталық саябағында жергілікті спорт мектептерінің тұсаукесері өтеді. Мұнда ата-аналарға балаларының бейімделу қабілетіне қарай қай спорт түрі тиімді болтындығын жеткізер мамандар болады. Кеңес беру тегін. Аталған акцияны арнайы ата-аналар үшін, дене шынықтыру және спорт басқармасы қолға алған.
Қазіргі уақытта облыстың қалалары мен аудандарында 37 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Әрбір мектептегі оқу – жаттығу толық тегін. 2022 жылы 28 мыңнан астам бала осы мектептерге барды. Балалар кәсіби жаттықтырушылары жетекшілігімен айналысатын ауылдарда да дене шынықтыру-сауықтыру кешендері де ашылуда.
Тұсаукесерде спорт мектептерінің өкілдері барлық мүдделі тұлғаларды орталық аллеяда 09:00-ден 12:00-ге дейін күтеді. Осыдан кейін, басты сахнада қаланың спорт мектептері оқушыларының көрсетілімдері басталады.
Жансая СӘРСЕНБАЙҰЛЫ.