Жаңалықтар

208 588 адам онлайн режимде халық санағынан өтті

Қарағанды облысында 17 қыркүйек сағат 08-00-дегі жағдайы бойынша 208 588 адам онлайн режимде халық санағынан өтті.

Қарағанды облысында 17 қыркүйек сағат 08-00-дегі жағдайы бойынша 208 588 адам онлайн режиминде халық санағынан өтті. Облыс халқының жалпы санына қатысты қамту пайызы 15,2%-ды құрайды.

Облыс аймақтары бойынша Нұра ауданы көшбасшы. Онда 31,3% халық интернет-сауалнамадан өтті. Сонымен қатар, жоғарғы пайыз Осакаров (26,2%) және Ұлытау (23,2%) аудандарында қамтамсыз етілген.

Бұқар жырау және Жаңаарқа аудандарында ең төмен қамтылғаны белгіленді, онлайн санақтан өткендер сәйкесінше 10,4 % және 8,3% халық саналды.

Халық санағын sanaq.gov.kz. сайтында онлайн режимінде 15 қазанға дейін өтуге болатынын еске саламыз. Сайтта авторизацияның 4 түрлі жолы бар: e-mail, телефон нөмері, E-gov электронды үкімет және Aitu мобильдік қосымшасы арқылы.Сайт тәулік бойы қолжетімді.

Онлайн санақтан өтпегендер 1-30 қазан аралығында интервьюерлердің сауалдарына жауап бере алады. Барлық сұрақтар бойынша тәулік бойынша жұмыс істейтін 1446 және 8 8000 800 878 байланыс орталығына хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін. Бұдан басқа sanaq.gov.kz сайтында телефон нөмерлерімен аймақтардың call-орталығы тізімі бар.

Статистика департаменті азаматтардың белсенділігі үшін алғыс айта отырып, санақты онлайн өтуге шақырады.

Басқа материалдар

Back to top button