Бас тақырыпСпорт
2029 жылы Қазақстанда қысқы Азия ойындары өтеді
http://olympic.kz хабарлауынша, Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушысы болып бекітілді.

Тиісті құжатқа Италияның Милан қаласында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин мен Азия Олимпиадалық кеңесінің басшысы, мәртебелі Шейх Джоан бин Хамад Әл-Тани қол қойды.
Айта кетейік, Қазақстан бұған дейін де ірі мультиспорттық жарыстарды сәтті өткізген. 2011 жылы елде қысқы Азия ойындары ұйымдастырылса, 2017 жылы Алматы қаласында Дүниежүзілік қысқы Универсиада өтті.
Бұған дейін 2029 жылғы Азия ойындарын өткізу құқығы Сауд Арабиясына берілген еді.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



