Жаңалықтар

2029 жылға дейін Қазақстанда 11 мың шақырым теміржол желісін жөндеу жоспарлануда

 

ҚР көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында теміржол саласында жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар туралы айтты.

ru.freepik.com

Ол теміржол желісінде Достық – Мойынты жобасы аяқталғанын хабарлады. Сондай-ақ Алматы қаласының айналма теміржол жобасы аяқталуға жақын.

– Бұдан бөлек жаңа логистикалық мүмкіндіктер ашатын Мойынты – Қызылжар, Мақтарал – Дарбаза және Аягөз – Бақты теміржол учаскелерінің құрылысы жүруде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2029 жылға дейін 11 мың шақырым теміржол учаскесінде жөндеу жұмыстары жоспарланған,
— деді Нұрлан Сауранбаев.

ҚР Үкіметі баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Back to top button