Бас тақырыпБасты тақырып

2028 жылға дейін Қазақстанда зейнетақы мөлшері артады

Республикалық бюджет туралы заң жобасы аясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 2026 жылға республикалық бюджеттен 6,8 триллион теңге бөлінеді. Оның 6,7 триллионы зейнетақы мен жәрдемақыларды төлеуге жұмсалады.

Сурет egemen.kz

Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері:

  • 2026 жылы – 103 687 теңге,
  • 2027 жылы – 108 940 теңге,
  • 2028 жылы – 113 995 теңге болады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі дерегінше, 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша орташа жиынтық зейнетақы 143 097 теңге. Оның ішінде 95 491 теңге – ынтымақты бөлігі, 47 606 теңге – базалық бөлігі.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button