Жаңалықтар

2026 жылы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанда өтеді

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2026 жылы Қырғызстанда өтеді. Бұл туралы Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Алтынбек Мақсұтов мәлімдеді.

Сурет: worldnomadgames.kz

Көрші елдің министрі Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қырғыз спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп жатқанын атап өтті.

– Сіздермен жақсы жаңалықпен бөліскім келіп тұр. Қырғызстаннан бастау алған Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2026 жылы туған жерінде өтеді, — деді ол.

Екі жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 14 алтын, 3 күміс және 8 қола медаль жеңіп алып, медальдар тізімінде көш бастады.

Қырғызстан 14 медаль, оның ішінде 3 алтын, 7 күміс және 4 қола медальмен екінші орында.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button