2026 жылы Қазақстанда алты автожол учаскесі ақылы болады
Ақылы жолдардың жалпы ұзындығы 1,8 мың шақырымды құрайды. Бұл туралы Көлік министрлігі ресми сауалға берген жауабында мәлімдеді деп хабарлайды https://ortalyq.kz тілшісі https://kaz.tengrinews.kz/ – ке сілтеме жасап.

Ақылы болатын автожолдар тізімі:
• Қарағанды – Балқаш — 363 км
• Бурылбайтал – Құрты — 228 км
• Ақтөбе – Қандыағаш — 96 км
• Талдықорған – Өскемен — 768 км
• Атырау – Астрахань — 277 км
• Мерке – Шу — 78 км
Министрлік өкілдерінің айтуынша, 2026 жылы жол жүру тарифтерін көтеру жоспарланып отырған жоқ.
«Төлем тәсілдері бұрынғыдай қалады. Бюджетке түсетін жүктемені азайту және жолдардың өзін-өзі ақтауын қамтамасыз ету мақсатында қайта жаңғырту және жөндеу жұмыстары аяқталған учаскелерде ақылы жүйе енгізіледі», – делінген министрлік хабарламасында.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



