Бас тақырыпБасты тақырып

2026 жылы барлық тауарға арнайы код енгізіледі

«ҚР Сауда және интеграция министрлігі таратқан мәліметке сүйенсек, бүгінгі таңда тауарлар туралы ақпарат шашыраңқы, тауар өндірушілердің, дистрибьюторлардың және бөлшек саудагерлердің анықтамалықтарында әртүрлі аталады» деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.  Осы орайда 2026 жылдың 1 қаңтардан бастап қабылданатын заңнамалық түзетулерге сәйкес, ел аумағында тауарларды сату кезінде арнайы кодты пайдалану міндетті.

Сурет https://roskod.ru/info

Тауарлар туралы қателіктер салықты басқаруды қиындататындықтан, жаңа каталог бұл мәселелерді шешіп, бизнес шығындарын азайтып, оған қоса тауарларды нарыққа шығаруды тездетеді. Сондай-ақ, бұл тауар айналымын бақылаудың, контрафактіге қарсы күрестің және салық жинауды арттырудың тиімді құралы. Тұтынушылар үшін – ашықтық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіповтің айтуынша, бұл процестің негізгі элементі – әр тауардың бірегей сәйкестендіру кодын иеленетін ұлттық тауарлар каталогын (NT) құру.   

–Бұл тауар айналымының барлық қатысушыларына қатысты. Олар – өндірушілер, импорттаушылар, дистрибьюторлар, сауда желілері, маркетплейстер және жеке кәсіпкерлер, – деп атап өтті Әсет Нүсіпов.

NCT – бұл тауарлар туралы сенімді ақпарат жиналатын бірыңғай цифрлық база. Онда құрамы, шыққан елі, бренді және басқа параметрлер орналасады. Әрбір тауардың карточкасы модерациядан өтеді. Бұл  деректердің дәлдігін арттырады.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button