Бас тақырыпЖаңалықтар

2026 жылы қазақстандықтарды қанша демалыс күні күтеді?

2026 жылға арналған мерекелік және демалыс күндерінің күнтізбесі электрондық үкімет порталында жарияланды.

Сурет ru.freepik.com

2026 жылы бірқатар мемлекеттік мерекелер демалыс күндеріне сәйкес келгендіктен, қосымша демалыс күндері қарастырылған. Осыған байланысты қазақстандықтар төмендегідей демалады:

1–2 қаңтар — Жаңа жыл;

8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні. Мереке жексенбіге түскендіктен, демалыс күні 9 наурызға (дүйсенбіге) ауыстырылады;

21–23 наурыз — Наурыз мейрамы. 21 және 22 наурыз сенбі мен жексенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күндері 24 және 25 наурызға (сейсенбі мен сәрсенбіге) ауыстырылады;

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні;

7 мамыр — Отан қорғаушылар күні;

9 мамыр — Жеңіс күні. Мереке сенбіге түскендіктен, демалыс күні 11 мамырға (дүйсенбіге) ауыстырылады;

6 шілде — Астана күні;

30 тамыз — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. Мереке жексенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күні 31 тамызға ауыстырылады;

25 қазан — Республика күні. Мереке жексенбіге түскендіктен, демалыс күні 26 қазанға ауыстырылады;

16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні.

Сонымен қатар мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні және 7 қаңтар — православ Рождествосы да демалыс күндері болып саналады. Алайда бұл мерекелерге байланысты демалыс күндерін ауыстыру қарастырылмаған.

2026 жылы Құрбан айттың бірінші күні 27 мамырға сәйкес келеді.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Басқа материалдар

Back to top button