2026 жылы қазақстандықтар қанша күн демалады?
2026 жылы Қазақстанда мереке күндерінің көпшілігі демалыс күндеріне сәйкес келетіндіктен, демалыс пен жұмыс күндерінің кестесінде бірқатар өзгерістер болады. Соның нәтижесінде бес күндік жұмыс аптасы бойынша ел тұрғындары 119 күн, ал алты күндік жұмыс аптасындағылар 67 күн демалады.

Қаңтар
2026 жылғы ресми жаңа жылдық демалыстар 1–2 қаңтарға, ал Рождество – 7 қаңтарға сәйкес келеді. Жаңа жыл мерекесі аптаның соңына түскендіктен, 30–31 желтоқсан – жұмыс күндері, ал 1–4 қаңтар – демалыс.
• 5 күндік апта: 12 демалыс, 19 жұмыс күні
• 6 күндік апта: 7 демалыс, 24 жұмыс күні
Ақпан
Бұл айда ресми мереке күндері жоқ.
• 5 күндік апта: 8 демалыс, 20 жұмыс күні
• 6 күндік апта: 4 демалыс, 24 жұмыс күні
Наурыз
8 наурыз жексенбіге түскендіктен, 9 наурыз қосымша демалыс болады.
Наурыз мерекесіне орай азаматтар қатарынан бес күн демалады: 21–25 наурыз.
Сәуір
Мерекелер қарастырылмаған.
• 5 күндік апта: 8 демалыс, 22 жұмыс күні
• 6 күндік апта: 4 демалыс, 26 жұмыс күні
Мамыр
Бұл айда үш мереке бар:
• 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні (бейсенбі)
• 9 мамыр – Жеңіс күні (сенбі), сол себепті қосымша демалыс: 8 мамыр немесе 11 мамыр
• 27 мамыр – Құрбан айт
• 5 күндік апта: 14 демалыс, 17 жұмыс күні
• 6 күндік апта: 9 демалыс, 22 жұмыс күні
Маусым
• 5 күндік апта: 8 демалыс, 22 жұмыс күні
• 6 күндік апта: 4 демалыс, 26 жұмыс күні
Шілде
6 шілде – Астана күні дүйсенбіге түседі.
• 5 күндік апта: 9 демалыс, 22 жұмыс күні
• 6 күндік апта: 5 демалыс, 26 жұмыс күні
Тамыз
30 тамыз – Конституция күні жексенбіге сәйкес келетіндіктен, 31 тамыз, дүйсенбі – демалыс.
• 5 күндік апта: 11 демалыс, 20 жұмыс күні
• 6 күндік апта: 6 демалыс, 25 жұмыс күні
Қыркүйек
Қосымша мереке жоқ.
• 5 күндік апта: 8 демалыс, 22 жұмыс күні
• 6 күндік апта: 4 демалыс, 26 жұмыс күні
Қазан
25 қазан – Республика күні жексенбіге түсетіндіктен, 26 қазан – қосымша демалыс.
• 5 күндік апта: 10 демалыс, 21 жұмыс күні
• 6 күндік апта: 5 демалыс, 26 жұмыс күні
Қараша
Тек дәстүрлі сенбі және жексенбі демалыстары.
• 5 күндік апта: 9 демалыс, 21 жұмыс күні
• 6 күндік апта: 5 демалыс, 25 жұмыс күні
Желтоқсан
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні, сәрсенбіге сәйкес келеді.
• 5 күндік апта: 9 демалыс, 22 жұмыс күні
• 6 күндік апта: 5 демалыс, 26 жұмыс күні
Аида РАХЫМҚҰЛОВА



