Бас тақырыпЖаңалықтар

2026 жылдың діни күндер кестесі бекітілді: Ораза ақпанда басталады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2026 жылғы діни күндер кестесін бекітті.

Суретті түсірген Жангелді Әбдіғалым

Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды.

– Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді, – делінген ҚМДБ хабарламасында.

Шариғат және пәтуа бөлімінің мәліметінше, келер жылы қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Қадір түні – 16 наурыздан 17 наурызға қараған түнге, ал Ораза айт мерекесі 20 наурызға сәйкес келеді.

Құрбан айт мерекесі 27-29 мамыр аралығында атап өтіледі.

Сурет www.muftyat.kz

Бас мүфтият дерегіне сай, Миғраж түні – 16 қаңтардан 17 қаңтарға қараған түнге, ал Бараат түні – 2 ақпаннан 3 ақпанға қараған түнге түседі.

Айта кетейік, діни мерекелердің нақты уақыты айдың көрінуіне байланысты өзгеруі мүмкін, сондықтан көрсетілген күндер бір күн алға немесе артқа жылжуы ықтимал.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button