Бас тақырып

2026 жылдан бастап қазақстандықтар жеке куәлікті тегін алады

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар жеке куәлікті алғаш рет алатын болса немесе жарамдылық мерзімі аяқталған кезде ауыстырған жағдайда мемлекеттік баж салығын төлемейді. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеді.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құжаттандыру саласында цифрландыруды белсенді түрде енгізіп келеді. Қазіргі таңда паспорттарды электронды түрде рәсімдеу мүмкіндігі тек ел ішінде ғана емес, шетелдерде де қолжетімді. Бұл қызмет 71 елдегі 99 шетелдік мекемеде іске асырылған. Шетелде жүрген қазақстандықтар енді паспортты бұрынғыдай 6 ай күтпей, небәрі 30 күн ішінде ала алады. Азаматтарға барынша қолайлы жағдай жасау үшін құжаттарды беру үдерісін жеңілдету және цифрландыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.

Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықовтың айтуынша, Қазақстанда халықты құжаттандырудың бірыңғай жүйесі жұмыс істейді. Бұл жүйе арқылы азаматтарға жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) беріледі, жеке куәлік пен паспорттар рәсімделеді, сондай-ақ азаматтарды тіркеу (тұрғылықты мекенжай бойынша тіркеу) жүзеге асырылады.

– Алғаш рет берілетін жеке куәліктер тегін болады. Сонымен қатар, жеке куәлік мерзімі аяқталған жағдайда оны ауыстыру кезінде де мемлекеттік баж алынбайды, – деді Аслан Аталықов.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке куәліктерді алғаш рет алу және оның қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін ауыстыру толығымен тегін болады. ІІМ бастамасымен енгізілген бұл бірегей тәжірибе құжат алу рәсімін жеңілдетіп, азаматтардың қаржылық жүктемесін азайтуға бағытталған.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button