2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары тікелей эфирде көрсетіледі
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары Қазақстан аумағында тікелей эфирде көрсетілетінін ресми түрде хабарлады. Төрт жылда бір өтетін басты спорттық дода Qazaqstan, Qazsport, «Хабар» және Jibek Joly телеарналарынан көрсетіледі.

Алдағы Олимпиадада жалпы 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазіргі таңда Қазақстан спортшылары шорт-трек, конькимен жүгіру және мәнерлеп сырғанау спорт түрлері бойынша олимпиадалық жолдамаларға ие болды.
Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 6 ақпанда өтеді. Сол күннен бастап барлық жарыс бағдарламасы аталған телеарналардан тікелей эфирден көрсетіледі.
Айта кетейік, 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары 6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында ұйымдастырылады.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



