2026 жылғы Рамазан айының ораза кестесі (барлық қалалар бойынша)
Бұл туралы бүгін елордада Рамазан айына орай өткен Төралқа мәжілісінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хабарлады.
– Біз Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесінің және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, ортақ шешім қабылдадық. Алла қаласа, биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Ал наурыз айының 16-нан 17-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 20 наурыз – ораза айт мерекесі, – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Осыған байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының деректеріне сүйене отырып, еліміздің барлық өңірлері үшін 2026 жылға арналған ауыз бекіту мен ауыз ашу уақыттарының ресми кестесін назарларыңызға ұсынамыз.




















Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА



