Бас тақырып

2026 жылға АЕК көлемі белгіленді: айыппұлдар қанша теңгеге өседі?

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш 4 325 теңгеге өседі. АЕК-тегі бұл өзгеріс жәрдемақылардың, мемлекеттік баждардың және әкімшілік айыппұлдардың жаңа мөлшерін айқындайды.

Сурет ru.freepik.com

Рәміздерді қорлау

Қылмыстық кодекстің “Мемлекеттік рәміздерді қорлау” туралы 372-бабы бойынша рәміздерді қорлағаны үшін айыппұл көлемі 3 000 АЕК-ке тең.

2025 жылдан бастап 1 АЕК 4 325 теңге, демек 3 000 АЕК 12 975 000 теңге болады.

Мемлекеттік баждардың жаңа мөлшері

2026 жылы құжат рәсімдеу құны төмендегідей болады:
• Жеке куәлік — 865 теңге (0,2 АЕК);
• 16 жасқа дейінгі балаларға арналған 24 беттік паспорт — 17 300 теңге (4 АЕК);
• 36 беттік паспорт — 34 600 теңге (8 АЕК);
• 48 беттік паспорт — 51 900 теңге (12 АЕК).

Жәрдемақылардың өсуі

АЕК артуына байланысты бала тууы, бала күтімі және көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақылар да көбейеді.

Бала тууға байланысты біржолғы төлем:
• 1–3 балаға — 164 350 теңге (38 АЕК);
• 4 және одан көп балаға — 272 475 теңге (63 АЕК).

1,5 жасқа дейінгі бала күтімі үшін ай сайынғы жәрдемақы:
• бірінші бала — 24 912 теңге (5,76 АЕК);
• екінші бала — 29 453 теңге (6,81 АЕК);
• үшінші бала — 33 951 теңге (7,85 АЕК);
• төртінші және одан көп — 38 493 теңге (8,90 АЕК).

Көпбалалы отбасыларға төлемдер:
• 4 бала — 69 330 теңге;
• 5 бала — 86 673 теңге;
• 6 бала — 104 016 теңге;
• 7 бала — 121 360 теңге;
• 8 және одан көп бала — әр балаға 17 300 теңге.

Жас мамандарға көтермеақы

Ауылға жұмыс істеуге баратын жас мамандар үшін біржолғы төлем келесі жылы 432 500 теңге (100 АЕК) болады.

Бюджеттік несие

Тұрғын үй сатып алу немесе салуға берілетін бюджеттік несие мөлшері 10 812 500 теңгеге (2 500 АЕК) дейін ұлғаяды. Жылдық мөлшерлеме — 1%.

Әскери қызметшілердің далалық төлемдері

Келесі жылы әскери қызметкерлерге төленетін тәуліктік ақы 5 190 теңге (1,2 АЕК) болады.

2026 жылы айыппұлдар қалай өзгереді?

Әкімшілік құқықбұзушылықтардың басым бөлігі АЕК-пен есептелетіндіктен, айыппұл көлемі де өседі. Ең жиі тіркелетін бұзушылықтар бойынша жаңа мөлшер төмендегідей:

Жол қозғалысы ережелерін бұзу

• Тоқтау және тұрақ ережелерін бұзу — 21 625–43 250 тг (5–10 АЕК)
• Жылдамдықты 1–40 км/сағ артық асыру — 21 625 тг (5 АЕК)
• Қызылға өту, сарыға тоқтамау — 43 250 тг (10 АЕК)
• Жол белгілері мен таңба талаптарын сақтамау — 12 975 тг (3 АЕК)
• Ақауы бар көлікті пайдалану — 21 625 тг (5 АЕК)
• Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережесін бұзу — 21 625 тг (5 АЕК)

Жаяу жүргіншілерге
• ЖҚЕ бұзғаны үшін — 8 650 тг (2 АЕК)

Қоғамдық тәртіпке қатысты айыппұлдар
• Қоғамдық орындарды ластау — 43 250 тг (10 АЕК)
• Алкоголь ішу немесе мас күйде қоғамдық орындарға келу — 21 625 тг (5 АЕК)
• Түнгі тыныштықты бұзу:
• жеке тұлғалар — 21 625 тг (5 АЕК)
• шағын бизнес — 43 250 тг (10 АЕК)
• орта бизнес — 64 875 тг (15 АЕК)
• ірі бизнес — 216 250 тг (50 АЕК)
• Тыйым салынған жерлерде темекі шегу — 21 625 тг (5 АЕК)
• Ұсақ бұзақылық — 86 500 тг (20 АЕК)

Кіреберісте қоқыс қалдырғандар айыппұл төлейді

Пәтерге кіреберістегі есігінің қасына қоқыс салынған дорбаны қалдырғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабына сәйкес «Абаттандыру қағидаларын бұзғаны» үшін 20 АЕК айыппұл салынады. Ал бұл әрекетті азамат бір жыл ішінде қайталап жасаса, онда 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады. 20 АЕК 86 500 теңгеге тең болса, 30 АЕК 129 750 теңге.

Шулап, тыныштықты бұзу

Елімізде заң бойынша кешкі сағат 22.00-ден 9.00-ге дейін тыныштықты бұзуға болмайды. Тұрғын үй ғимараттары мен тұрғын үй құрылысы аумақтарында орналасқан ойын-сауық орындарына жұмыс күндері сағат 22.00-ден таңғы 9.00-ге дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23.00-ден таңғы 10.00-ге дейін шулауға тыйым салынады. Тәртіп бұзған жеке тұлғаларға – 5 АЕК (21 625 теңге), бір жыл ішінде қайталанса 10 АЕК (43 250 теңге) айыппұл салынады.

Сонымен қатар кәсіпкерлерге 20 АЕК-тен 150 АЕК-ке дейін (86 500 – 648 750 теңге) айыппұл салынады.

Түкіру

Қоғамдық орында түкіргені үшін, сондай-ақ белгіленбеген жерлерде қоқыс тастағаны үшін құқық бұзған адамға бірінші рет 5 АЕК, яғни 21 625 теңге айыппұл салынады. Ал азамат осы әрекетін қайталаса, онда 10 АЕК, яғни 43 250 теңге көлемінде айыппұл төлейді.

Көлік жүргізгенде телефон пайдаланып, белбеу тақпау

Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзғаны, қауіпсіздік белбеуін тақпаны және көлік жүргізіп бара жатқанда телефон пайдаланғаны үшін жүргізушілерге 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Бұл 2025 жылы 21 625 теңге.

Құжатсыз көлік жүргізу

Жүргізу құқығы жоқ жүргізушінің көлікті басқаруы 20 АЕК, яғни 86 500 теңге көлемінде айыппұл төлейді. Көлік құралын басқару құқығынан айырылғандар көлік жүргізсе, оларға 50 АЕК, яғни 216 250 теңге айыппұл салынады немесе 20 тәулікке қамауға алынады.

Автобуста жолақы төлемеу

Қала және қала маңындағы қоғамдық көлікте жолақыны төлмегендерге 2 АЕК, яғни 8 650 теңге айыппұл салынады.

Ал жолаушыларды билетсіз алып жүргені үшін 5 АЕК (21 625 теңге) айыппұл салынады.

Кәмелетке толмағандардың түнде жүруі

Кәмелетке толмағандар заңды өкілдерінсіз 22.00-ден 6.00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде болса, олардың ата-анасына 3 АЕК (12 975 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады. Ал 18 жасқа толмаған бала 23.00-ден 6.00-ге дейін үйден тыс жерде жүрсе, онда заңды өкілдеріне ескерту жасалады. Егер осы әрекеттер бір жыл ішінде қайталанса, онда баланың заңды өкілдеріне 30 275 теңге (7 АЕК) айыппұл салынады.

Ойын-сауық мекемесінің иелеріне де 10-нан 100 АЕК дейінгі мөлшерде (43 250 және 432 500 теңге) айыппұл салу көзделген.

Жолды кесіп өту

Жаяу жүргіншілер жол қозғалысы ережелерін сақтамағаны үшін (қате жерден өту және т.б.) 2 АЕК (8 650 теңге) көлемінде айыппұл төлейді. Бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін айыппұл 10 АЕК-ке (43 250 теңге) дейін өседі.

Көлік жылдамдығын асыру

– сағатына 10-20 шақырымға асырғаны үшін айыппұл 5 АЕК (21 625 теңге).

– сағатына 20-40 шақырымға асырғаны үшін 10 АЕК (43 250 теңге).

– сағатына 40 шақырымнан асырғаны үшін айыппұл қазірдің өзінде 20 АЕК (86 500 теңге).

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде жылдамдықты қайталағаны үшін 30 АЕК (129 750 теңге) айыппұл қарастырылған.

Қоғамдық орында балағат сөз айту бойынша

2023 жылғы наурыз айынан бастап заңға қоғамдық орындарда балағат сөз айтқандарға 20 АЕК, яғни бұл 86 500 теңге немесе 30 тәулікке қамауға алынады.

ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша отбасында және тұрмыста балағат сөз айтқаны үшін ескерту немесе 5 АЕК (21 625 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Ал мұғалімді немесе дәрігерді балағаттаса, онда 10 АЕК (43 250 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button