Бас тақырып

2025 жылы декларацияны кім тапсыруы керек?

2025 жылы Қазақстанда белгілі бір санаттағы азаматтар 250-форма бойынша декларацияны тапсыруға міндеттеледі. Бұл талап шетелде мүлкі бар адамдарға және басқа да кейбір санатқа жататын азаматтарға қатысты. 

Сурет: ulysmedia.kz

Бастапқы жоспарға сәйкес, 2025 жылы жалпыға бірдей декларациялау барлық ересек қазақстандықтарды, оның ішінде студенттер мен зейнеткерлерді қамтуы керек еді. Бірақ кейін бұл жоспар қайта қаралып, белгілі бір азаматтар декларация тапсырудан босатылды. Дегенмен кейбір топтарға бұл талап күшінде қалады.

Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің хабарлауынша, 2025 жылы декларация тапсыруға міндетті азаматтар қатарына келесі санаттағылар жатады:

Ведомства жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру міндеттемесі (Салық есептілігінің нысаны 250.00) келесі санаттарға қатысты екенін еске салды:

  • шетелде меншігінде мүлкі бар Қазақстан Республикасының азаматтары мен резиденттері;
  • сайланбалы және мемлекеттік лауазымдарға кандидаттар;
  • банктің, бағалы қағаздар нарығының немесе сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушысы мәртебесін алуға өтініш білдірген тұлғалар;
  • жеке практикамен айналысатын тұлғалар;
  • өз еркімен декларация тапсыруға ниет білдірген азаматтар.

Шетелде декларацияланатын мүліктер:

  • жылжымайтын мүлік, көлік құралдары;
  • шетелдік компанияларға немесе тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі;
  • шетел банктеріндегі шоттардағы қаражат, егер олардың сомасы 1000 АЕК-тен асса;
  • бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары;
  • делдалдық шоттардағы қаражаттар;
  • зияткерлік меншік объектілері, авторлық құқықтар;
  • цифрлық активтер;
  • дебиторлық/кредиторлық берешек;
  • инвестиция және бағалы металдар;
  • құны 1000 АЕК-тен асатын мүлік (мысалы, антиквариат, сәнді заттар).

– Сонымен қатар Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде 20 000 АЕК-тен (2024 жылы 73 840 000 теңге) асатын ірі көлемдегі сатып алулар жасаған тұлғаларды декларациялау міндетін белгілеу ұсынылды, — деп хабарлады мемлекеттік кірістер департаменті.

Декларацияны өз еркімен тапсырған кезде 10 000 АЕК-тен аспайтын сомада қолма-қол ақшаны және болашақта жеке тұлғаның шығыстарын растау бола алатын басқа да активтер мен міндеттемелерді декларациялауға болатынын атап өтті.

– Қолма-қол ақшасының сомасы 10 000 АЕК-тен асатын азаматтар (2024 жылы бұл 36 920 000 теңге) бұл қаражатты 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін банк шоттарына орналастыруы қажет, — деп түсіндірді мемлекеттік кірістер департаменті.

Декларацияны қалай тапсыру керек?

Декларацияны e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы, “Электрондық үкімет” порталы (egov.kz), Салық төлеуші ​​кеңсесі (cabinet.salyk.kz) арқылы беруге болады.

Декларацияға 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі жағдай бойынша тиесілі барлық активтер мен міндеттемелер енгізілуге тиіс екенін ескеріңіз. 

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button