Бас тақырыпБасты тақырып

2025 жылы қарағандылықтар Teez маркетплейсі арқылы 2 миллионнан астам тапсырыс берген

2024 жылдың қыркүйегінде іске қосылған жоба қысқа уақыт ішінде зор нәтижеге қол жеткізді. 2025 жылдың қаңтарында қарағандылықтар берген тапсырыстар көлемі 2,3 миллионнан асып, бұл Қазақстандағы барлық онлайн-сатылымдардың 17,8 пайызын құрады.

Сурет облыс әкімдігінен

Арада бір жыл өткенде, 2025 жылдың қыркүйегінде Teez тәулігіне 10 мыңнан астам тапсырысты қабылдап, еліміздің 30 қаласына жеткізіп отыр.

Қарағанды мен өзге өңір кәсіпкерлері үшін Teez – өнімдерін сату және нарыққа шығарудың тиімді құралы. Бүгінде алаңда 37 мың отандық кәсіпкердің тауарлары ұсынылған.

— Біздің мақсатымыз – әрбір қазақстандық брендтің халықаралық деңгейде бәсекеге түсуіне мүмкіндік беру. Осы үшін біз қолайлы экожүйе қалыптастырып жатырмыз: төмен комиссия, тегін сақтау, жарнамалық қолдау және жедел жеткізу, — дейді Teez компаниясының бас директоры Линар Хуснуллин.

Маркетплейстің өңірде дамуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына да ықпал етуде. Бүгінде Қарағандыда 350-ден астам адам Teez компаниясында еңбек етсе, алдағы жылдары бұл сан бүкіл Қазақстан бойынша 8 мыңға жетуі жоспарланып отыр.

Материалды әзірлеген  Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button