2024 жылдың камералдық бақылау қорытындылары
Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2024 жылдың 12 ай ішінде жалпы сомасы 778,7 млрд теңгені құрайтын 30 183 мемлекеттік сатып алу лоттары қаралған.
Оның ішінде 2 480 лот бойынша (сомасы 63,5 млрд.теңге) бұзушылықтар анықталып, 2366 лоттарға (сомасы 59,6 млрд. теңге) хабарлама жолданды. Оның ішінде 707 хабарламаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізе отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын кері қайтарып алу, 77 хабарлама бойынша конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер енгізу, 449 хабарламаға сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою, 1133 хабарлама бойынша қорытынды хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру.
Әлеуетті өнім берушілерден мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жолданған 3092 шағым қаралды, 937-і толық қанағаттандырылды, 1466-сы қанағаттандырылмады, 666 шағым бойынша ішінара расталды.
Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігінде көзделген хабарламаларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін лауазымды тұлғаларға 75 хаттама толтырылып, материалдар сотқа жолданды. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу саласында заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 207-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы 100 хаттама толтырылды.
Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті