Жаңалықтар

2023 жылдан бастап адамдардың миына чип салынады – Илон Маск

Илон Маск 2023 жылдан бастап адамдардың миына чип салынатынын айтты.

Құрылғы миға орнатылған соң компьютерді немесе смартфонды ой күшімен басқаруға мүмкіндік береді. Болашақта өнертабыс ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмірін жеңілдетеді.

Адам миына сынақ жасауды әзірлеуші компания осы жылы бастауы керек еді, бірақ үлгермеген. 2019 жылы ғалымдар чиптерді маймылдардың, 2020 жылы шошқалардың миына орнатып, сынақтан өткізген. Бұрын әзірлеушілер ойдың күшімен маймылдың бейне ойынды басқарғанын көрсетті.

Басқа материалдар

Back to top button