2023 жылғы зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті мөлшері белгіленді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 2023 жылға белгіленген ең төменгі жеткілікті шегі жас мөлшеріне байланысты 3-10 миллион теңге аралығында болады, деп хабарлайды Ortalyq.kz сайты. 

20 жастағы қазақстандықтар үшін бұл көрсеткіш 3 миллион 260 мың теңгені (2022 жылы – 3 миллион 140 мың теңге), 30 жастағы азаматтар үшін – 4 миллион 580 мың теңгеге (2022 жылы – 4 миллион 370 мың теңге), 40 жастағы азаматтар үшін – 6 миллион 100 мың теңгеге (2022 жылы жыл – 5 миллион 790 мың теңге) тең.

2023 жылы ең төменгі жалақы – 70 мың теңге болады. Ең төменгі зейнетақы мөлшері – 53 мың тг шамасында. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 24 341 теңге. Ең төменгі күнкөріс деңгейі – 40 567 теңгені құрайды.