Сәкен театрында – жаңа басшы
Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Жұмакеновтің бұйрығымен С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрына басшылыққа Құрман Өмірбекұлы Қалымов тағайындалды.
Құрман Қалымов 1981 жылы, 5 қазанда қазіргі Ақмола облысының (Көкшетау) Зеренді ауданы, Биіктесін ауылында дүниеге келген. 2003-2007 жылдары Қазақ ұлттық музыка академиясын «Театр және кино актері» мамандығы бойынша оқып, бітірген. 2019 жылы Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған.
Бұл Сәкен театрына басшы қызметіне келгенше, 2007-2008 жылдары Ақмола облыстық Ш.Хұсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театрында актер болған. 2008 жылдан Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында труппа жетекшісі және актер, 2011-2020 жылдар аралығында аталған театр директорының орынбасары. Биылғы 1 маусымнан қазіргі уақытқа дейін М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры директорының қаржы және ұйымдастыру мәселелері бойынша орынбасары қызметін атқарды.
Қарағандыдағы қара шаңырақ – С.Сейфуллин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрындағы қызметіңіз құтты болсын!
С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының баспасөз қызметі.