Жаңалықтар

2018 жылдың қазан айына жұлдыз жорамал

Астрологтар қазан айы көптеген адамдар үшін күрделі ай болатынын ескертіп, оған алдын-ала дайындалуға кеңес береді, деп жазады Stan.kz   ақпараттық агенттігі.

Бірақ, қиындықтың өзін шешуге болады емес пе. Сондықтан, тіпті қазан айында да көптеген адамдарға өмірін жақсартуға мүмкіндік туып тұр.

Тоқты

Күздің екінші айы тоқтыларға көптеген жағымды сәттер сыйламақ. Тоқтыларды бұл айда бірқатар оң өзгерістер мен күтпеген кездесулер және жаңа байланыстар күтіп тұр. Сондықтан, тоқтыларға жақын адамдармен де, бейтаныс адамдармен де өзара әрекеттесу керек. Қазан айының бірінші жартысында барлық жобалардың жоспарға сай келетін уақыты болмақ. Айдың бірінші жартысы бәрі ойдағыдай болады, тіпті қосымша жұмыс үшін де жеткілікті уақыт таба аласыз. Мүмкіндікті тиімді пайдаланып бар күш-жігеріңізді кәсіби міндеттерге бөліп, көп уақыт жұмсаңыз. Созылмалы шаршауды дамыту мүмкіндігін азайтатын әсерлі медитациямен айналысыңыз. Сонымен қатар, өз әрекеттеріңізді талдау үшін, импульстік тұрғыдан өзіңізді ұстауға тырысқаның жөн. Айдың аяғында қаржылық мәселелерге байланысты қиындық тууы мүмкін. Сізге ақшаны бостан-босқа шашпай, беліңізді бекем бууға кеңес беріледі.

Торпақ

Бұл айда Венераның қозғалысына байланысты торпақтардың жеке өмірінде жағымсыз сәттер орын алуы мүмкін. Торпақтар не істесе де Жаратушының оның тағдырына қатысты өз жоспарлары бар. Сондықтан бірқатар өзгерістердің орын алуына ешкім кедергі бола алмайды. Бірақ, мұңайудың орнына жаңа нәрсеге деген көзқарасты өзгертуге тырысыңыз, өміріңізді толтырыңыз. Қазан айының басында махаббат мәселесі басым болмайды. Мұның орнына торпақтар үй шаруасына, көшуге, тұрмыстық мәселелерге баса назар аударып, көп уақыт жұмсайды. Бұрынғы тапсырмаларды айдың соңында шешуге болады. Егер сізге біреу көмек ұсынса, одан бас тартуға асықпаңыз. Командалық жұмысты жалғастыру жеке күш-жігеріңізді жұмсауға қарағанда тиімдірек болады.

Егіздер

Егіздер соңғы уақытта іштей жағымсыз ойлардан зардап шекті. Қазан айында олар ақырында қорқуға болмайтын нәрселерден қорықпауға мүмкіндік алады. Олар өзіне деген сенімсіздікті де жеңе алатын болады. Егіздер тіпті бақытты болуға шешім қабылдаса да, бақытты бола алады. Бұл жағдайда егіздерге қатысты жағымды энергетикалық толқындар тудыратын аспан денелері оларға барлық жағынан көмектеседі. Ең бастысы, айдың басында дұрыс мақсат қою керек. Екінші жартысын кезіктірмеген егіздер назардан тыс қалғандықтан зардап шегеді. Бірақ, жағдайға мойынсұнып отыра бермеңіз, әйтпесе ештеңе өзгермейді. Сізге қазір эмпатияны (өзге адамдардың жан дүниесін түсіну мен жай-күйін ұғыну қабілеттілігі) қолдануға жақсы мүмкіндік туды. Бұл айналаңыздағы барлық адамдарды жақсы түсінуге мүмкіндік береді және олармен ортақ тіл табуға жеңілірек болады.

Шаян

Бұл белгінің өкілдеріне қазан айында мүмкіндігінше өздеріне көп уақыт жұмсап, өз ойымен жалғыз қалу керек. Егер басқалармен үнемі өзара әрекеттесуден қашып құтыла алмасаңыз, сізге адамдардың шынайы эмоцияларын қалай жылдам түсіндіру керектігін үйренуге тура келеді. Бұл сіз ойлағандай қиын емес. Бұл келешекте бірқатар жанжалды жағдайлардың орын алуына мүмкіндік бермейтін болады. Шаяндар іскерлік салада табысқа жету үшін, қаржыға қатысты мәселелерді шешу үшін жабайы табиғатта өмір сүретін жыртқыш сияқты болуы керек. Алға қарай тура жүре бермей, аздап қулыққа да басыңыз. Бойыңыздағы қызғаныш сезімін, өзімшілдікті жоюға тырысыңыз. Әйтпесе олар сіз бағалаған нәрсенің бәрін жойып жібереді. Қазан айының ортасында әріптестермен және басшылармен қарым-қатынаста қиындықтар туындауы мүмкін.

Арыстан

Плутон кері бағытта қозғалуын тоқтатқаннан кейін, арыстандардың жеке өмірінде сәттілік болады. Әсіресе, екінші жартысын іздеп жүргендердің жолы болмақ. Қазан айында сүйікті адамыңызды романтикалық кештермен, тосын сыйлармен таңғалдыра аласыз. Мүмкін болса, демалыс алып сапарға шығыңыз немесе кем дегенде пәтеріңіздің ішін өзгертсеңіз болады. Бұл сөзсіз сәттілік әкеледі. Өтірікті қалай тануды үйренген арыстандар айдың ортасында бірқатар жанжалдар мен басқа да жағымсыз оқиғалардан аулақ болады. Айналаңыздағы адамдардың әрқашан адал болмайтынын түсінетін уақыт келді. Бұл белгінің өкілдеріне қандай да бір затты сақтықпен сатып алу ұсынылады. Қазір арыстандар алаяқтың кұрбаны болуы мүмкін деген қауіп бар.

Бикеш

Қазан айында бикештер жағымсыз адамдардан аулақ болуды үйренулері керек. Енді олардың жаулары тиімді сәтті күтетін жыртқыш аң секілді біреудің есебінен өмір сүруді күтіп жүр. Жақын және ескі, тіпті сенімге кірген әріптестеріңіздің өзі баратын сатқындықтан аулақ болыңыз. Кез келген уақытта сабырлы болып, шынайы жағдайды бағалаңыз. Астрологтар сізге зиян келтіргісі келетіндердің бәріне тойтарыс беруге кеңес береді. Махаббат мәселелерінде өзіңіздің ішкі түйсіңізге сенім артқан жөн. Осыған байланысты кейбір мәселелер өздігінен шешілетін болады.

Таразы

Таразылар қазан айында қиындықты жеңу үшін ерекше дарындылығын қолдануы керек. Өзіне сенімсіздік танытатындарға сыртқы көріністеріне көңіл аударуға кеңес беріледі. Себебі, олар осының арқасында сүйіктілерін кездестіріп қалуы мүмкін. Қиындыққа кезіккенде күйзеліске қарсы тұру керек, мұндай жағдайда өзіңізге жағымды нәрсемен айналысыңыз. Айдың соңында бұл белгінің өкілдері неғұрлым күйгелек болуы мүмкін. Қоғамдағы қарым-қатынастарды анықтаудан аулақ болып, жоқ жерден дау шығармаңыз.

Саршаян

Қазан айында саршаяндар басқаларды кешіру қабілеті адам өмірінде маңызды рөл атқаратынын түсінетін болады. Бұл кезде айналаңыздағы адамдар анағұрлым агрессивті немесе жабырқаңқы болуы мүмкін. Бірақ сіз отқа май құймай, оларды жағымсыз нәрсеге итермелеуден аулақ болыңыз. Бөтен біреудің көзқарасына да ашуланбаңыз. Қазір сіз болашақта керемет жетістіктерге әлдеқайда тезірек және оңай жету үшін өзіңіздің бейсанаңызға әсер ете аласыз.

Мерген

Қазан айында мергендердің негізгі мәселесі қаржылық тұрақтылықтың болмауы болмақ. Енді сізге ақшамен байланысты барлық сұрақтарға барынша мұқият болу керек. Әрине, сізге кеңес беруге талпынғандардың бетін қайтаруға болмайды. Бірақ кеңесшілерді мұқият таңдаңыз. Бұл белгінің кейбір өкілдері өркөкіректік пен қырсықтық көрсетуі мүмкін. Әлсіреген күн энергиясының әсерінен олардың көптеген кемшіліктері сыртқа жария болады. Мүмкіндігінше, күдікті істер мен қауіптерден бас тартқаныңыз жөн. Ешкімге ешқандай уәде бермеңіз. Себебі, қалаған нәрсе жоспарға сай келмей қалып, уәде жүзеге асырылмай қалуы мүмкін.

Тауешкі

Қазір тауешкілердің басты міндеті – өз үйіндегі энергияны жақсарту болмақ. Күнделікті шаруаға көп уақыт бөліңіз. Маңызды және өзекті мәселелерді кейінге қалдырудың қажеті жоқ. Айдың соңында біраз демалып, кездесуге баруға болады. Бірақ, қарқынды физикалық күш жұмсамау керек. Кішкене шаршаудың өзі жағымсыз көңіл-күйге әкеледі. Мамандар тауешкілерге агрессивті әрекет жасайтын туыстарына шыдамдылық пен түсіністік танытудың қажет екенін айтуда. Неғұрлым икемді болыңыз, қырағылығыңызды жоғалтпаңыз. Себебі, сіздің жоспарларыңызды болмайтын нәрселер бұзуы мүмкін.

Суқұйғыш

Бұл айда суқұйғыштарға көп уақыт таза ауада серуендеуге кеңес беріледі. Қазан айында қаржы саласында айтарлықтай құлдырау күтіледі. Жаратуышының өзі сізге аздап демалуға және теріс нәрсеге көңіл аударуды доғаруға жол сілтеуде. Сүйікті адамдарын кездестірген суқұйғыштарға екінші жартыларына көбірек көңіл бөлуге кеңес беріледі. Мүмкіндік болса, ғашығыңызбен бірге саяхатқа, демалысқа шығыңыз.

Балықтар

Балықтар әрдайым эмоциямен жүреді. Сондықтан, қазан айында олар күйзеліске тез түсуі мүмкін. Бұл белгі өкілдерінің көңіл-күйі өте тұрақсыз болады. Балықтардың қазан айындағы басты мәселесі – ең маңызды мәселелерге, жағымсыз адамдармен байланыста болмау мүмкіндігіне назар аудару қабілетсіздігі. Балықтар үшін ақыл-ойдың тепе-теңдігін қалпына келтірудің жалғыз тиімді құралы физикалық күш жұмсау болмақ. Қаржылық жағдайды іскерлік белсенділік арқылы қалыпқа келтіруге болады.

Сонымен бірге жұмыс кезінде туындаған барлық қауесетті елемеуге тырысу керек. Себебі, айналаңыздағылар қазір сізді ашуландыру үшін көп нәрсеге дайын. Егер сіз өзіңізді соңына дейін бақылауға алсаңыз, олар сіздің тыныштықтығыңызды бұза алмайды. Сондай-ақ, болашаққа арналған жоспарларды басқа адамдармен бөліспеңіз және жағымсыз жайттардан қорғанудың сенімді әдістерін қолданыңыз.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button