Жаңалықтар

2017 жылғы мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау қорытындылары

Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға сәйкес, мемлекеттік сатып алу саласында бақылау жасауға уәкілетті.
Мемлекеттік сатып алудағы бұзушылықтардың уақытылы жолын кесу және оларға жол бермеуге бағытталған бақылаудың алдын алу формасы – камералдық бақылау мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру арқылы жүргізіледі.
Оның артықшылығы – мемлекеттік аудит объектісіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жою құқығы беріледі және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктеме азайтылады.
Камералдық бақылау мемлекеттік сатып алу қорытындылары шыққанға дейін құжаттама жарияланған сәттен бастап сатып алулардың барлық кезеңдерінде белгілі бір бағыттар бойынша ғана жүргізіледі.
Бүгінгі таңда камералдық бақылаудың ең тиімдісі – құжаттарда бастапқы кезде негізделмеген талаптар қарастырылып, кейін сатып алулардың барлық процедураларына қатер төндіретін бірінші бағыт болып табылады.
2017 жылы бастапқы кезеңде 2167 лот бойынша, алдын ала жол берілетін 66 процедура бойынша құжаттамалар дұрысталды. 478 лот бойынша қорытындылар қайта қарастырылып, өзгертілген.
Негізсіз араласу үшін жағдай жасауы ықтимал ортаны шектеу мақсатында Департамент 2017 жылдың маусым айынан бастап, мемлекеттік сатып алулар қорытындысын шығару кезеңінде камералдық бақылауды жүзеге асыруды тоқтатты.
2017 жылы қазіргі таңда толық көлемде орындалған 66,7 миллиард теңге көлемінде 2100 хабарлама жіберілген. Сондай-ақ, Департамент конкурстық комиссияның, тапсырыс берушілердің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылардың шешімімен келіспейтін ықтимал жеткізушілердің өтініштерін қарастырады.
Бүгінгі таңда әрбір ірі сатып алуға шағым жасалады. Бұған ақтық шешім қабылданғанға дейін құжаттарды өзара қарастыру мен процедураны тоқтата тұру мүмкіндігі ықпал етеді. 2017 жылы Департаментке ықтимал жеткізушілерден конкурстық комиссия шешімімен болмаса мемлекеттік сатып алуға тапсырыс берушілермен келіспейтін 1314 өтініш келіп түскен. Оларды қарастыру барысында 526 өтініш толық, ал, 348 өтініш ішінара расталса, 387-сі расталмаған.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-48 баптарына сәйкес болмауына байланысты, 21 өтініш қайтарылып, 32-сі уәкілетті органдарға қайта жіберілген.
Ал, осы саладағы құқық бұзушылықтың негізгі түрлері – ықтимал жеткізушілердің өтінімдерін заңға қайшы түрде қабылдамау, баға бойынша басымдық беретін критерийлерді заңға қайшы пайдалану және тағы сол сияқтылар.

Қарағанды облысы
бойынша
ішкі мемлекеттік аудит
департаменті.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button