Қарағанды облысында COVID-19 вирусы РНҚ зерттеуінің бағасы арзандады
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті мен «Жезқазған қаласының медициналық орталығы» ЖШС арасында монополияға қарсы комплаенстің актісіне қол қойылды.
Нәтижесінде «Жезқазған қаласының медициналық орталығы» ЖШС COVID-19 вирусының РНҚ зерттеу бағасын өз еркімен 9 мың теңгеге дейін төмендетті.
Сондай-ақ, 2020 жылғы 19 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен «Олимп» және «Инвиво» зертханалары арасында монополияға қарсы комплаенс актісіне қол қою қорытындылары бойынша жоғарыда көрсетілген барлық зертханаларда республика бойынша ПТР-тест тапсыру бағасы 9 мың теңгеге дейін төмендетілді.
Осы монополияға қарсы комплаенстің актісі нарық субъектісінің (субъектілерінің) қызметінің ерекшелігін, құрылымын және ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан Республикасындағы зертханалық диагностика саласындағы қызметтер нарығындағы, оның ішінде полимеразды тізбекті реакция әдісімен биоматериалды алу құнын қоса алғанда, биологиялық материалдан жасалған COVID-19 РНҚ вирусын анықтауға диагностикалық зерттеу жөніндегі қызметтер нарығындағы адал бәсекелестік саясаты мен қағидаларын айқындайды.