Облыс әкіміРесми

Коммуналдық салаға шағым бар

Облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК азаматтарды жеке мәселелері бойынша онлайн режимде қабылдады. Аймақ тұрғындары коммуналдық салаға қатысты мәселелермен жүгінді.

Теміртаулық Гүлсара Дәулетбаева пәтерінде жылудың жоқтығына шағымданды. Бұл шағымға Теміртау қаласының әкімі Қайрат Бегімов жауап берді.

– Жалпы үйге жылу келіп тұр. Проблема пәтердің өзінде. Олар құбырларды өз бетінше ауыстырған, – деді қала әкімі.

Облыс әкімі жақын арада Теміртау тұрғынының пәтеріндегі жылыту мәселесін шешуді тапсырды.

– Егер, адам кездесуге келсе, онда оның проблемасы бар. Теміртау қаласының әкіміне проблеманы шешуді тапсырамын, – деді Жеңіс Қасымбек.

Онлайн-қабылдауда Қарағанды қаласындағы Нестеров көшесі мен оған іргелес жатқан жеке сектор көшелерін жарықтандыру, бейнебақылау камераларын орнату мен кәріз жүйесін тарту мәселелері көтерілді.

– Біздің ауданның проблемасы жеке секторда кәріз жүйесінің жоқтығымен байланысты. Қала әкімі ақпан айында биыл жобалық-сметалық құжаттама жасалып, келесі жылы кәріз төселеді деп уәде берді. Сондай-ақ, бізде жарық жоқ. Бейнебақылау камераларының орнатылуы да бізге артық болмас еді. Бұл рұқсат етілмеген қоқыс тастау мәселесін шешуге мүмкіндік береді, – дейді жеке сектордың тұрғыны Павел Ларченко.

Жеңіс Қасымбек қала әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа Нестеров көшесінің тұрғындарымен кездесіп, барлық мәселелерді егжей-тегжейлі талқылауды тапсырды.

– Қала әкіміне аталған аудандағы кәріз жүйесі бойынша барлық құжаттаманы күзгі-қысқы кезеңде аяқтауды және жазда бәрін жасауды тапсырамын, – деді облыс әкімі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button