Жаңалықтар

Қарағанды тұрғыны “Қазақстанның көрнекті әйелдері” байқауының жеңімпазы атанды

Қарағандылық Мерует Арғымбаева “Қазақстанның көрнекті әйелдері” байқауының жеңімпазы атанды. Ол 7 жыл ішінде жүзден астам ауыр науқас балаларға қаржылық көмек көрсете алған “Радость” қайырымдылық дүкенін құрғаны үшін марапатқа ие болды.

“Қазақстанның көрнекті әйелдері” байқауы осы жылдың наурыз айында Қазақстандағы еріктілер жылы аясында басталды. Ұйымдастырушылар – Израиль мен Франция елшіліктері, Тель-Авив университетінің достар қауымдастығы, “Сорбонна Қазақстан” институты, “Ізгілік акселераторы” ҚБ және Қазақстан халқы Ассамблеясы.

Қатысу үшін сауалнаманы толтырып, оны ұйымдастырушыларға жіберу қажет болды. Байқауға қандай да бір салада жетістікке жеткен кез келген жастағы Қазақстан азаматтары қатыса алды.

– Байқау туралы хабарландыруды маған таныстарым көрсетті. Мен бұл туралы оқып, оқыған жерімде ұмытып кеттім. Біраз уақыттан кейін олар маған еске салды, мен сауалнаманы тез толтырдым. Мен көп те тырыспадым: уақыт болмады. Содан кейін пандемия басталды, карантин жарияланды, шынымды айтсам, конкурс жайында ойлайтын да шама болмады. Біраз уақыттан кейін ұйымдастырушылар менен қысқа бейне жазуды сұрады, онда мен өзімнің жетістігімнің құпиялары туралы айтып беруім қажет болды, – деп еске алады Мерует Арғымбаева.

Бейнежазуда Меруерт өз жұмысындағы ең бастысы не деп санайтынын баяндаған. Ол адалдықты негізгі фактор деп атайды. “Біз адал жұмыс істегенде бәрі жақсы болады”, – дейді ол.

Меруерт байқаудың барысын бақыламағанын, өйткені ол жұмысқа басымен кіріп кеткенін мойындайды. Бейне жібергеннен кейін біраз уақыт өткен соң, ол ZOOM-да бейнеконференцияға шақырылды. Ол кейінірек түсінгендей, бұл пандемияға байланысты онлайн-форматта өткізуге тура келген жеңімпаздарды марапаттау рәсімі болды.

– Маған Израиль елшілігі мені жеңімпаз деп таныды деп хабарлады. Олар қатысушылардың қызметі туралы барлық фактілерді мұқият тексергені белгілі болды. Олар таныстардан сұхбат алды, қатысушылардың өздері туралы айтқандарын шындықпен салыстырды. Елшілік өкілдері мен туралы сұрақтар қойған адамдар менің шындықты айтып отырғанымды, менде 7 жылдан бері қайырымдылық дүкені бар екенін және бүгінгі таңда бұл Қазақстандағы ең табысты әлеуметтік бизнес-жоба екенін растады, – деп түсіндіреді қарағандылық.

Мерует Израильге сапарды жеңіп алды, онда ол өзінің әріптестерімен – әлеуметтік кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырылады. Пандемияға байланысты сапар күні әлі белгісіз.

– Мен қазір үлкен жоспарлар жасамаймын: Израильге қашан бара алатыным әлі белгісіз. Бірақ менің сапарымның мақсаты туризм емес. Мен израильдік әріптестеріммен сөйлесіп, олардың бизнес-процестерінің қалай жолға қойылғанын, олардың қалай жұмыс істейтінін көре аламын деп үміттенемін. Мүмкін, мен одан бір нәрсені өзімізге енгізе аламын, – дейді Меруерт.

Байқауға барлығы 78 қазақстандық қатысты. Олардың ішінен үш жеңімпаз таңдалды. Мерует Арғымбаевадан басқа, селекция, биотехнология және жылқы шаруашылығы саласындағы маман Айгүл Амандықова және физик Альмира Жилкашинова жеңіске жетті.

Басқа материалдар

Back to top button