Жаңалықтар

Абай бейнеленген жейделер

Ұлы ойшылдың мерейтойына орай Абайдың бейнесі бар 4 мың жейде шығарылды.

LC Waikiki компаниясының өкілдерінің айтуынша, соңғы кезде Қазақстанда ұлттық нақыштағы киімдерге, қазақтың ою-өрнектері бейнеленген жейделерге сұраныс артқан. Сондай-ақ, Абайдың қара сөздері мен ұлы ойшылдың суреті салынған жейделерге де қызығушылық жоғары екен.

– 2020 жыл Қазақ халқының ұлы ақыны, философы, әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлының құрметіне орай «Абай жылы» болып жарияланды. LC Waikiki компаниясы ретінде осындай ерекше жылда халықтың санасын жаңғыртуға бағытталған жобаларға біз де өз үлесімізді қосқымыз келді. Осы іспеттес іс-шараларды әрдайым қолдайтынымызды атап өткіміз келеді, – деді LC Waikiki Kazakhstan компаниясының бас директоры Сердар Башак.

«Абай 175» жейделер коллекциясы LC Waikiki мен «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының арасындағы меморандумның нәтижесінде жүзеге асты.

Абайдың суреті бейнеленген футболкаларды LC Waikiki онлайн дүкені арқылы тапсырыс беруге болады. Сондай-ақ, сауда орталықтары ашылған соң LC Waikiki желісінің еліміздегі барлық дүкендерінде сатылымға шығады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button