Коронавирус
«Дәрігер онлайн» жобасы жалғасуда
Ағымдағы жылдың 20 маусымынан бастап Денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен облыста «Дәрігер онлайн» пилоттық жобасы жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта бұндай жобалар елдің басқа аймақтарында жоқ.
Instagram платформасы арқылы тәжірибелі медицина қызметкерлері нақты уақыт режимінде халық арасында кеңестер өткізеді. Үйден шықпай-ақ, кез-келген адам өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, қабылдауға жазылу мәселелерін шеше алады.
Бұл тәжірибені вирустық аурулардың алдын-алудың тиімді құралы ретінде атап өткен жөн.Бүкіләлемдік өзін-өзі оқшаулау жағдайында интернеттегі пациенттермен байланыс жасау үшін жақсы мүмкіндік болды.
Бүгінгі күні тікелей эфирді облыстың 46 емханасы жүргізеді.