ЖаңалықтарКоронавирус

YDD CORPORATION акционерлері облыс ауруханаларына аппараттар мен дәрі-дәрмек жіберді

Qaz Carbon және YDD CORPORATION зауыттарының акционерлері өз қаражаты есебінен Түркиядан қарағандылық медициналық мекемелерге арналған өмірлік маңызды медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмек препараттарын сатып алды. Атап айтқанда, Ерлан Нығматулин Грузиядан келген әріптесі Давид Кемертелидземен бірге түрік өндірісінің 100 оттегі концентратын жеткізіп, ауруханаларға тапсырды. Аталмыш құрылғы бүгінгі күні Түркияның бүкіл Еуропаны қамтамасыз ететін жаңа буын аппараттары.

Сонымен қатар, коронавируспен ауыратын науқастарды емдеу үшін пульсоксиметрлер мен «Эноксапарин» препараты сатып алынды. Бұл дәрілік зат – тікелей әсер ететін антикоагулянт, COVID-19 науқастары үшін нағыз дерттен құтқарар зат. Бұл препарат қанды сұйылтады және коронавирус кезінде өлімнің себептерінің бірі болып табылатын тромбтардың пайда болуын болдырмайды.

– Менің ойымша, осы бір қиын кезеңде бизнес мемлекетке сенімді тірек болуы тиіс. Сондықтан біз коронавирусқа қарсы күресте алғы шепте жүрген дәрігерлерге көмек көрсетуді өз парызымыз деп санаймыз. Мен барлығымыздың осы кезеңнен тез өтіп, қарапайым өмірге қата оралуымызды тілеймін, – деді Ерлан Нығматулин.

– Бұл қиын уақытта біз дәрігерлерге қандай үлкен жүктеме түскенін көріп отырмыз. Мен адам және инвестор ретінде шетте қала алмадым және шын жүректен Қазақстандағы COVID-19 пандемиясымен ортақ күреске өз үлесімді қосқым келеді. Біздің қолдауымыз бен көмегіміз қазақстандықтардың сауығуына оң әсер етеді деп үміттенемін, – деп түсіндірді шетелдік инвестор Давид Кемертелидзе.

Осы көмектің арқасында Қарағанды облысының ауруханалары жан сақтау бойынша іс-шараларды көбірек өткізе алады, сондай-ақ тыныс алу органдарының ауруларын сапалы диагностикалап, емдей алады. Бұл Қарағанды облысының медицина қызметкерлеріне бұдан да көп науқастарға уақытылы көмек көрсетуге, ал емделушілерге қажетті ем алуға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың наурызында YDD CORPORATION Қарағанды ферроқорытпа зауытының акционерлері Ерлан Нығматулин, Давид Кемертелидзе және Жармұхамед Аппаз төтенше жағдай кезінде мемлекеттің іс-әрекетін қолдау үшін құрылған облыстық қорға 100 миллион теңге бөлген болатын.

Басқа материалдар

Back to top button