Грозный кетіп, Горовенко келді

«Шахтер» клубының бас бапкері лауазымына Константин ГОРОВЕНКО тағайындалды. Бұған дейін «кеншілерді» украин Вячеслав ГРОЗНЫЙ жаттықтырып келген-ді.

Клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, Горовенко жаңа тағайындауға дейін «Жетісу Б» командасына жетекшілік етті. 43 жаста. Он жылдан бері бапкерлік қызметте.

2010 жылы «Сұңқар» клубы бас бапкерінің көмекшісі, кейін алматылық «Қайрат-1998» командасының бас бапкері болды.

2015 жылы «Қайраттың» бас бапкерінің ассистенті қызметіне тағайындалды. Алматылықтардың Премьер-Лига, Қазақстан Кубогы, Қазақстан Суперкубогы және Еуропа Лигасында сәтті өнер көрсетуіне үлес қосты.

2017 жылы Бірінші лигадағы «Қайрат А» командасын баптады. Ал, соңғы екі маусымда «Жетісу Б» командасын өрге сүйреумен айналысты.

Нұрқанат ҚАНАПИЯ.