АймақҚарқаралы

Жүйткиді «Жедел жәрдем»

Басың ауырып, балтырың сыздаса дереу жедел жәрдем бөліміне қоңырау шаласың. Диспетчердің дауысынан жағдайдың қалай болғанын бірден түсінуге болады.

Олар да ет пен сүйектен жаралған жандар. Үздіксіз соғылатын қоңыраулардың әр жағында адам тағдыры тұрады. Жаның қысылғанда бар үмітің мейірбикеде болады. Әр науқас жанның жағдайын анықтап, дәрі егіп, кеңесін беретін мейірбан жүзді ақ халаттылардың еңбегі қашанда зор. Қарқаралы қаласының жедел жәрдем қызметкерлері, өз уақыттарын аямай, өзгенің денсаулығын аялай жауапкершілікпен, ыждаһаттылықпен еңбек етіп келеді.

Қала басында облыстық жедел жәрдем станциясына қарайтын 15 медицина қызметкері, 4 жүргізуші, 1 санитар екі көлікпен қызмет көрсетсе, аудандық орталық ауруханаға 4 фельдшер, 3 жүргізуші, екі жедел жәрдем көлігі тиесілі екен. Барлық мамандар тәулік бойы ауысыммен жұмыс жасайды. Шақыртулар көбіне мезгілге байланысты өсіп, кеміп отырады. Бір тәулікте 15 шақырту тіркелген уақыттар болды. Аталмыш жедел жәрдем қызметкерлері тек қала ішіне қызмет көрсетумен қатар, жан-жақтағы көршілес ауылдар мен демалыс орындарына жиі барады. Сонымен қатар, ауыр науқастарды облыс орталығына жеткізуде жедел жәрдем қызметкерлерінің мойнында.

Сағыныш ӘБІЛ.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button