АймақБалқаш

Сіз оқитын үш кітап

Әлемдік және отандық жазушылар ақ халатты абзал жандарға арнап біраз туындылар жазған. Дәрігер болғысы келген замандастарыма медицина тақырыбын қозғайтын үш кітапты оқып шығуға кеңес беремін.

Шерхан Мұртазаның «Дәрігердің үшінші қаруы» шығармасында ауыр дертке шалдығып, өмірден баз кешкен жас келіншектің өмірін сақтап қалған дәрігер жайлы айтылады. Бұл – мен үшін ең жақсы кітап. Міндетті түрде оқылуы тиіс екінші кітап – әртүрлі тақырыптарды бір шығарманың аясына біріктірген Борис Пастернактың «Дәрігер Живаго» романы.

Сондай-ақ, медициналық романдар қатарындағы Фёдор Угловтың «Дәрігер жүрегі» де мен қызығып оқыған шығарманың бірі. Хирургиялық оталардың жасалуы жайлы зерттеліп жазылған шығарма оқырманын бірден баурап алады.

Айдана БАЛЫҚБАЙ,

Балқаш гуманитарлықтехникалық колледжінің студенті.

БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button