Бас тақырыпБасты тақырыпЖаңалықтар

20 қыркүйекте ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Қарағандыда 20, 27 қыркүйек, 4, 18 қазан және 1 қараша күндері  облыстық күзгі ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтеді.  Global City сауда-ойын-сауық орталығының аумағында ұйымдастырылады.
Суретті тұсірген Жангелді Әбдіғалым
Жәрмеңкелерде ауыл шаруашылығы өнімдері, ет-сүт тағамдары және өңір өндірушілерінің тауарлары орташа нарықтық құннан төмен бағамен ұсынылады.
Жәрмеңкеге ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері барлығы 150 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі әкелініп, 52,2 тонна ет, 55 тонна картоп, 10 тонна көкөніс, 16 тонна сүт өнімі, 5 тонна балық, 175 мың дана тауық жұмыртқасы және 10 тонна өзге де өнім жеткізілмек.
Сауда таңғы сағат 9:00-ден бастап “Global City” сауда орталығының аумағында өтеді. Жәрмеңкеге келесі автобустармен жетуге болады: № 5, 19, 31, 40, 56, 63, 66, 70, 146, 02, 29.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button