Ресми

20 мың террорист қайдан шықты?

ҚР Парламенті мәжілісінің отырысында Бас прокурор Берік Асылов 20 мың террорист жайында сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Оrtalyq.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

Сурет: malim.kz

Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезіндегі  лаңкестер туралы сұраққа жауап берген бас прокурор сол күндері түрлі ақпарат түскенін, сол ақпараттардың ішінде терроистер саны 20 мыңға жуық екені айтылғанын атап өтті.

– Құқық бұзушылардың әрекетінен ол күндері бұл шынымен де солай болып көрінді, соның ішінде халықтан да шетелдік қылмыскерлер туралы, арасында қырғыз, өзбек тілдерінде сөйлейтіндер бар деген ақпарат түсті. Шабуыл жасаушылардың барлығы қоғамға террорист болып сезілді, – деді Берік Асылов.
Оның айтуынша, қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде кім террорист, кім террорист емес екенін анықтау қиынға соққан.

– Сіздерге айтарым, лаңкестік әрекет жасаған адамдардың бәрі лаңкес болып саналады. Оның сақал қойып немесе автоматпен жүруі шарт емес. Бірден айтамын, террористер ресми түрде террорист екенін мәлімдеген жоқ. Олардың қиратқан, өртеген, әкімдікті басып алған барлық әрекетін біз лаңкестік әрекет деп санаймыз және оларды террористер деп есептейміз, – деді Берік Асылов.

2022 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасының бұрынғы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Алматыға 20 мыңға жуық лаңкес келгенін хабарлаған болатын. 

Басқа материалдар

Back to top button