Руханият

1920 жылы Қарқаралының атауын большевиктердің көп көсемдерінің бірінің ата-тегіне өзгерту ұсынылған

Қарқаралы қаласының ұзын-ырға тарихын Совет кезеңінде 1824 жылдан бастау қазіргі құқық тұрмақ, тіпті, ақ патша заманының империялық актілеріне қайшы келмек. 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы» Жарғының 14 бабында қырда құрылатын сыртқы округтердің өзіндік ресми атауларынан өзге, әкімшілік аумақтағы ең дүр мекеннің ныспысын өзінің төл есім-сойы ретінде иелік етуге құқығы бекітілген.

 

Патшаның «Сібір қырғыздары туралы» Жарғысы – мыңдаған кезбелердің, тыңшылардың, әскерилердің ғасырлар бойы дала кезіп жүргізген зымиян барлаудың, тиянақты зерттеуінің өнімі. Жарғылық ереже империяның отарлау саясатының пайдасын көздегенмен, уақытша болса да, қырдағы қазақтың жолымен де санасу жайы ескерілген. Осы актідегі әкімшілік аумақтағы ең атақты мекеннің есімін өзінің меншікті атауы ретінде иелік етсін деген пәрмен осы мәжбүрліктің салдары.

Кейін Семей архивіндегі деректердің куәлік еткеніндей, 1920 жылы уездік төңкеріс комитеті Қарқаралының тарихи атауын большевиктердің көп көсемдерінің бірінің ата-тегіне өзгерту туралы ұсынысы әкімшілік-аумақтық шекаралар толық анықталмау себебінен өтпей қалған.

Марат АЗБАНБАЙ

Автордың «Қарқаралының көне тарихы Архив құжаттары байырғы заң мəтіндерімен салыстырылуы тиіс» атты мақаласынан. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button