Жаңалықтар

Студенттерді республикалық атаулы стипендиялар конкурсына қатысуға шақырады

Қазақстандық студенттер республикалық атаулы стипендиялар конкурсына қатысу үшін өтініш бере алады. Өтінімдер қабылдау 2020 жылдың 5 қыркүйегінде аяқталады. Ол жайында Нұрсұлтан Назарбаевтың қоры хабарлады.

Конкурсқа қатысу үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының, сонымен бірге орта арнайы білім беру ұйымдарының  «Өнер және мәдениет» бағыты бойынша күндізгі бөлім студенттері шақырылады.

Нұрсұлтан Назарбаев қорының стипендиясы – бұл тек қана жас дарынды адамдарға қолдау көрсету ғана емес, сонымен қатар мәртебелі атақ, оған келесі дарынды жастар үміт арта алады:

– оқытудың кем дегенде екі курсын жақсы аяқтаған студенттер;

– ең үлкен академиялық үлгерім көрсеткіштері барлар;

– оқу орынның, қаланың және республикасының қоғамдық, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік қызметіне белсене қатысушылар.

Өтініштерді қабылдау 2020 жылдың 5 қыркүйегінде аяқталады. Барлық ақпарат  fnn.kz порталында, «Конкурстар» бөлімінде көруге болады.      

Басқа материалдар

Back to top button